Бокс
20 наурыз 14:12
 

Қазақ боксшының қарсыласы жекпе-жек алдында қиындыққа ұшырап отыр

  Пікірлер

blog.share

Қазақ боксшының қарсыласы жекпе-жек алдында қиындыққа ұшырап отыр ©instagram.com/sultanzaurbek/

Оңтүстік Африка боксшысы Азинга Фузиле (18-2, 12 КО) Астанаға қашан келтіні белгілі болды. 5 сәуірде ол қазақстандық Сұлтан Зауырбекпен (19-0, 13 КО) жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Оңтүстік Африка боксшысы Азинга Фузиле (18-2, 12 КО) Астанаға қашан келтіні белгілі болды. 5 сәуірде ол қазақстандық Сұлтан Зауырбекпен (19-0, 13 КО) жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірақ африкалық Қазақстанға өте кеш келетін сияқты

Наурыз соңына дейін қазақстандықтың қарсыласы өз елінде жаттығады екен. Бұл туралы оның менеджері Мландели Тенгимфене айтып берді. Өйткені 30 наурыз Ист-Лондонда (ОАР) турнир өтеді де, Фузиленің бапкері Золани Тете өзі жаттықтыратын өзге боксшыларға айқас кезінде көмектесуі қажет.

Жарыстан кейін Тете мен Азинга бірден Қазақстанға аттанады, өйткені 5 сәуірде Фузиле Сұлтанмен екінші жартылай жеңіл салмақта он раундтық айқасқа шығады. 

"Азинга Қазақстанға неғұрлым ерте келсе, соғұрлым ертерек климатқа бейімделеді", - деп береді Тенгимфененің сөзін Sowetan live.


Алайда ОАР-дағы турнир тек 30 наруызда өтсе, боксшының климатқа бейімделіп, соңғы дайындығын өткізуге 5-6 күні ғана қалады.

Айта кетейік, Фузиле кезінде IBF Inter-Continental және IBF ұйымының "африкалық" белбеуін иеленген.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!