Бокс
5 қыркүйек 21:43

Қазақ боксшының жекпе-жегі бірінші раундта нокаутпен бітті

©

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Саңғыл (8-0, 4 КО) Алматы қаласында өткен бокс кешінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның қарсыласы үндістандық Харджот Сингх (11-2-1, 11 КО) болды. Екінші жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған еді, бірақ, ол бірінші раундта-ақ аяқталды. Әлсіз соққыдан кейін Сингх нокдаунға түсті, артынша жекпе-жек тоқтатылды.

Үндістандық боксшының мұндай физикалық жағдайда бұрын 11 жеңіске қалай қол жеткізгені жұмбақ күйінде қалды. Бұл үндістандықтың карьерасындағы екінші жеңіліс, бірақ, нокаутпен алғаш рет. Тағы бір кездесуі тең аяқталған екен.

Ал әзірге жеңіліс көрмеген Қанат кәсіпқой карьерасындағы сегізінші рет жеңіске жеңіске жетіп, төртінші рет қарсыласын нокаутқа түсіріп отыр.

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport