Қазақ боксшының Алматы көшесінде жұдырықтасып жүргені видеоға түсіп қалды
©instagram.com/zhankoshturarov
Қазақстандық боксшы Жаңқош Тұраров (24-0, 17 КО) Алматыда өзгеше акция өткізді. Спортшы көшеде қала тұрғындарымен спарринг өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Жаңқош Тұраров (24-0, 17 КО) Алматыда өзгеше акция өткізді. Спортшы көшеде қала тұрғындарымен спарринг өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл шара Арбатта өтті. Былғары қолғап киген Жаңқош өткен-кеткен кез келген адамға өзімен "жұдырықтасуды" ұсынды. Өз күшін сынап көргісі келетіндер қатары мол болды. Кейін Instagram желісінде боксшы жастарды осылай спортқа ынталандырғысы келгенін хабарлады.
"Әрі қызық әрі спортқа баулу мақсатында жастарды өзімді соғып көруге мүмкіндік бердім) алайда жағдай былай болды", - деп жазыпты ол.
Жарнама