Бокс
17 қараша 18:25

Қазақ боксшының Әлем кубогіндегі жүлде үшін айқасы нокдаунмен бітті

©Сали Сабиров

Қазақстандық боксшы Бекзат Таңатар Нью-Дели (Үндістан) қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының 2025 жылғы Әлем кубогі финалында жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

90 келі салмақтағыширек финалда ол ринг қожайыны Навин Кумармен кездесті. Бұл жекпе-жекте үндістандық боксшы төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті. Сонымен қатар, соңғы раундта Таңатар нокдаунға түсті.

Осылайша, Кумар жартылай финалға өтіп, кем дегенде қола жүлдеге ілігіп отыр.

Бұл Бекзаттың турнирдегі алғашқы жекпе-жегі еді және ол жарысты осы кезеңде аяқтады.

Бүгін Қазақстаннан рингке тағы екі боксшы шығады:

50 кг: Нурзат Оңғаров
70 кг: Нурбек Мурсал

Бұған дейін қазақстандық боксшылар Нұрсұлтан Алтынбек (55 кг) және Аман Қонысбеков (75 кг) жартылай финалға өте алмады.
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport