Қазақстандық боксшы Нұрасыл Ғалым Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің (17 жасқа дейін) ширек финалында ол жапониялық боксшы Ширю Ичиномен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек қорытындысында қазақстандық спортшы төрешілердің ортақ шешімімен (5:0) жеңіске жетті.
Осылайша, Ғалым турнирдің жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола жүлдеге жетіп отыр.
Бүгін таңғы сессия аясында шаршы алаңға Қазақстанның тағы екі өкілі шығады.
Ал 15:30-да басталатын күндізгі сессияда Қазақстан құрамасынан жеті боксшы өнер көрсетеді.