1XBET - ставки на спорт

Жарнама

Бокс
Кеше 13:33
 

Қазақ боксшының АЧ жүлдесі үшін айқасы 5:0 болып бітті

  Пікірлер

blog.share

Қазақ боксшының АЧ  жүлдесі үшін айқасы 5:0 болып бітті ©KBF

Қазақстандық боксшы Нұрасыл Ғалым Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Нұрасыл Ғалым Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің (17 жасқа дейін) ширек финалында ол жапониялық боксшы Ширю Ичиномен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек қорытындысында қазақстандық спортшы төрешілердің ортақ шешімімен (5:0) жеңіске жетті.

Осылайша, Ғалым турнирдің жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола жүлдеге жетіп отыр.

Бүгін таңғы сессия аясында шаршы алаңға Қазақстанның тағы екі өкілі шығады.

Ал 15:30-да басталатын күндізгі сессияда Қазақстан құрамасынан жеті боксшы өнер көрсетеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!