Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан әлем чемпионатының 1/4 финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
63,5 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Ертуғанның 1/8 финалдағы қарсыласы Пуэрто-Рикодан келген Хосе Мануэль Агуйрэ Круз болды.
Жекпе-жек барысында пуэрторикалық боксшы нокдаунға түсті және бірнеше рет ескерту алды. Үш раунд қорытындысы бойынша Зейнуллинов төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті.
Еске салайық, осы турнирдегі алдыңғы жекпе-жекте Зейнуллинов Моңғолия боксшысы Даваадалай Алтангерелді жеңген болатын.
Жарнама