Қазақстандық боксшы Бейбарыс Әшірбай Бангкок (Таиланд) қаласында өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының (U-19 және U-22) жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы 70 келі салмақта өткен 1/4 финалдық кездесуде қазақстандық боксшы моңғолиялық Баттумур Наям-Очирмен жұдырықтасты.
Бірінші раунд толығымен Бейбарыстың бақылауында өтті - барлық төреші жеңісті қазақ бкосшыға берді. Сонымен қатар, Бейбарыс қарсыласын нокдаунға түсірді.
Екінші раундта Әшірбай қарсыласын тағы екі рет есеңгіретті. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті қазақ боксшыға берді.
Осылайша, Бейбарыс Әшірбай жартылай финалға өтіп, Азия чемпионатының кемі қола жүлдесіне жетіп отыр.
Жарнама