Қазақстандық боксшы Әділет Төртубек Бангкок (Таиланд) қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының (U-19 және U-22) жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы 60 келідегі салмақта Әділет қытайлық Тайбэй боксшысы Ку Шен-Чимен жұдырықтасты.
Алғашқы екі раундты төрешілер бірауыздан қазақстандық боксшының пайдасына берді. Соңғы раундта қарсыласы екі рет нокдаунға түсті, сол себепті төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті Төртубекке берді.
Осылайша, жартылай финалға өткен Әділет Азия чемпионатының кемі қола жүлдесіне жетіп отыр.
Жарнама