22 жасқа дейінгі боксшылар арасында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Шұғыла Нәлібай 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының финалында жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Турнир Бангкок қаласында (Таиланд) өтіп жатыр.75 келіге дейінгі салмақта өткен шешуші айқаста Шұғыла қытайлық Ци Баомен қолғап түйістірді. Екінші раундта Нәлібай екі рет нокдаунға түсіп, төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды. Жекпе-жек техникалық нокаутпен Баоның жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Шұғыла Нәлібай құрлықтықтық жарыстың күмісін иеленді.