51 келдіе өнер көрсететін қазақстандық боксшы Бекзат Алдамжаров Болгария астанасы Сфоияда өтіп жатқан Старнджа кубогі-2025 турнирінің келесі кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
1/8 финалдық кезеңде ол франциялық Ники Каммингспен кездесіп, төрешілердің бөлек шешімімен жеңілді - 1:4. Екінші раундта Бекзаттың қабағы жарылып, екі рет дәрігерлер көмегіне жүгінуге тура келгенін айта кетейік.
Осылайша, Алдамжаров кіші әлем чемпионаты аталып кеткен турнирде жарыс жолын аяқтады.