Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов 63,5 келіде 2022 жылғы Азияданың қола жүлдегері деп мойындалды.
Бұған себеп моңғолиялық Чинзориг Баатарсухийнді ITA (ХОК-тың Халықаралық тестілеу агенттігі) допинг қолданғаны үшін төрт жылға шеттеді. Оның қанынан метандиенон метаболиті (бұлшық етті арттыратын препарат) анықталған.
Енді Азияның олимпиадалық комитетінің шешімінен кейін Чинзориг алтын жүлдесінен айырылады. Ол тайбэйлік Лай Чжуэнге өтеді. Моңғолиялық боксшының аппелаяцияға беруге құқы бар, ал әзірге Лозаннаның арбитражды соты (CAS) оның Азиададағы нәтижесін тойтарды.
Зейнуллинов Чинзоригке 1/4 финалда есе жіберген еді. Ал Азияада финалистері Олимпиадаға жолдамасын алған еді.