Қазақ боксшыны берілуге мәжбүр етті. Джалолов Ханчжоуда финалға өтті

©Instagram/boxinguzbekistan_official

Өзбекстандық боксшы Баходир Джалолов Қытай жерінде өтіп жатқан 2023 жылғы Азия ойындарының финалына жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

92 келіден аса салмақтың жартылай финалында Джалолов Қытай қазағы Данабиеке Байкевузимен (Данабек Байғазы) жұдырықтасты. 

Бірінші раундта-ақ Қытай атынан өнер көрсетіп жатқан боксшы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартып, Баходир жеңіске жетті. Енді Алтын үшін айқаста өзбек боксшы байырғы қарсыласы қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаевпен қолғап түйістіреді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport