Бүгін, 1 қазан күні Польшада қазақ боксшыларының қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Польшаның Люблин қаласында Мейірім Нұрсұлтанов (17-0, 10 КО) орта салмақта WBO International белбеуі үшін аргентиналық Марсело Фабианомен (18-4, 13 КО) колғап түйістіреді.
32 жастағы Бекман Сойлыбаев (14-1, 5 КО) болса екінші жартылай орта салмақта оңтүстік африкалық Сифосет Мвуламен (16-4-1, 7 КО) WBA Inter-Continental белбеуін сарапқа салады.
Бокс кешін Астана уақытымен 23:00-ден бастап мына сілтеме арқылы тамашалай аласыз.