Түркістан қаласында Кеңес Одағының еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған халықаралық бокс турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Биылғы жарыс аңызға айналған боксшының 90 жылдығына арналды. Жеңімпаздар 10 салмақ дәрежесі бойынша анықталды.
Турнирге Әзірбайжан, Қырғызстан, Кувейт, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінен, сондай-ақ Қазақстанның әр өңірінен келген 100-ге жуық боксшы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті. Отандастарымыз жалпы саны 25 медаль жеңіп алды: 8 алтын, 5 күміс және 12 қола.
Ал Өзбекстан құрамасы1 алтын, 1 күміс және 6 қола медаль еншілеп қайтты.
50 келі
Нұрғиса Тұрабеков (Түркістан обл)
Ернар Қарап (Абай обл)
Дулат Амангелді (Астана)
Иброхимжон Рахмонжонов (Өзбекстан)
55 келі
Кенже Мұратұлы (Алматы обл)
Ядигар Алиев (Әзербайжан)
Кожиакбар Ибрагимов (Өзбекстан)
Асхат Сағындықов (Түркістан обл)
60 келі
Хусравхон Рахимов (Тәжікстан)
Асиддин Рузимуродов (Өзбекстан)
Огабек Умаркулов (Өзбекстан)
Асылжан Серікбай (Шымкент)
65 келі
Абзал Серік (Шымкент)
Ерәділ Ұзақбай (Түркістан обл)
Нұрлыбек Османов (Шымкент)
Жанарыс Орынбай (Шымкент)
70 келі
Нұрқадам Әбдреш (Астана)
Мейрбек Кыргызов (Қырғызстан)
Абдулазиз Бохаймед (Кувейт)
Мейірлан Әбіләшім (Түркістан обл)
75 келі
Аман Қонысбеков (Түркістан обл)
Абубакр Гафуров (Тәжікстан)
Аднан Алхазвини (Кувейт)
Сирожиддин Кожахметов (Өзбекстан)
80 келі
Нұрқанат Раис (Маңғыстау обл)
Шохжохон Алишеров (Өзбекстан)
Бақберген Әлиасқаров (Астана)
Елсұлтан Тұрғынбек (Түркістан обл)
85 келі
Ислам Бетаев (Астана)
Самат Айтбай (Түркістан обл)
Бекзат Таңатар (Шымкент)
Бахромбек Хатамов (Тәжікстан)
90 келі
Бекболат Әбдікерім (Түркістан обл)
Жанатбек Ақжанов (Түркістан обл)
Нұржан Мәуен (Ақтөбе обл)
Жасұлан Омар (Шымкент)
+90 келі
Мадияр Саидрахимов (Өзбекстан)
Нұрлан Сапарбай (Түркістан обл)
Дәурен Сүйіндіков (Ақтөбе обл)
Абдулазиз Абдумажидов (Өзбекстан)
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)