Бүгін, 2 мамыр Өзбекстан астанасында бокстан әлем чемпионатының екінші жарыс күні өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz. Бүгін рингке қазақстандық екі боксшы шығады.
Астана уақытымен 14:00-де басталатын күндізгі сессияда Сағындық Тоғамбай 1/16 финалдық айқасын өткізеді. 86 келіде өнер көрсететін қазақстандық боксшының қарсыласы конголық Натан Нланду Мбели болады. Бұл жұп рет бойынша 11-ші болып рингке шығады.
19:00-де басталатын кешкі сессияда рингке Санатәлі Төлтаев шығады. 63,5 келідегі 1/32 финал жекпе-жегінде ол израильдік Ахмад Штивимен жұдырықтасады.
Жекпе-жектерді Qazsport тікелей көрсетеді. Сонымен қоса, трансляция телеарнаның сайтында да қолжетімді.