Бокс
10 қыркүйек 11:59

Қазақ боксшылардың Өзбекстандық Олимпиада чемпионадрымен айқасына трансляция

©ҚР ҰОК

Бүгін, 10 қыркүйекте Қазақстан боксшылары Ливерпуль (Англия) қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жектерін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Рингке Қазақстан атынан 13 боксшы шығады. Бүгін Өзбекстан құрамасымен бірнеше кездесу өтеді. Ал жартылай финалға жолдама алған спортшылар кемі қола жүлде иеленеді.

Ширек финалдық жекпе-жектерді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, трансляция телеарнаның ресми сайтында да қолжетімді болады.

1/4 финал
16:00

60 кг салмақ дәрежесі: Виктория Графеева – Ситора Турдибекова (Өзбекстан)
+80 кг: Елдана Тәліпова – Селин Даниэль (Жаңа Зеландия)
55 кг: Махмұт Сабырхан – Руи Ямагучи (Жапония)
70 кг: Төрехан Сабырхан – Макан Траоре (Франция)
80 кг: Нұрбек Оралбай – Жавохир Умматалиев (Өзбекстан)
90 кг: Сағындық Төгембай – Турабек Хабибуллаев (Өзбекстан)

22:00

51 кг: Алуа Балқыбекова – И-Сюань Го (Қытай Тайбэйі)
57 кг: Карина Ибрагимова – Юлия Шеремета (Польша)
65 кг: Аида Әбікеева – Бусеназ Сюрменели (Түркия)
80 кг: Гүлсая Ержан – Есета Флинт (Аустралия)
60 кг: Бибарыс Жексен – Абдумалик Халоков (Өзбекстан)
65 кг: Ертуған Зейноллинов – Асадхужа Муйдинхужаев (Өзбекстан)
+90 кг: Айбек Оралбай – Лука Пратлячич (Хорватия)

Айта кетейік, бұл әлем чемпионаты алғаш рет жаңа World Boxing ұйымының бастамасымен өтіп жатыр. Турнир 4 қыркүйекте басталып, 14 қыркүйекке дейін жалғасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport