Қазақ боксшылардың Азия чемпионатындағы айқастарына трансляция

©ҚБФ

Бүгін, 21 қаңтарда Бангкокта өтіп жатқан 22 жасқа дейінгілер арасындағы бокстан Азия чемпионатында ширек финалдық айқастар өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін рингке Қазақстан құрамасынан бес боксшы шығады. Бірінші болып Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі) таиландтық Роекпиджит Суфароекпен жұдырықтасады. Одан кейін Сабырхан Аққалықов (71 келі) кувейт боксшысы Салман Әл-Шаммаримен қолғап түсістіреді. 45 келіде Диас Молжігітов Қырғыз елінен барған Даниэл Абдрахмановпен сынға түседі. Келесі Ерасыл Жәкпеков 80 келіде тағы бір қырғызстандық Бекбол Мурасбековпен айқас өткізеді. 86 келіде рингке Сағындық Тоғамбай өзбекстандық Шохжахон Абдуллаевпен жартылай финалға жолдаманы сарапқа салады. 

Жекпе-жектердің трансляциясы Астана уақытымен 13:00-де басталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport