1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Бүгін 14:45
 

Қазақ боксшылар бір-бірімен кәсіпқойда жұдырықтасуға келісті

  Пікірлер

blog.share

Қазақ боксшылар бір-бірімен кәсіпқойда жұдырықтасуға келісті ©

Қазақстандық боксшылар Жандос Қыдыралиев (6-0, 4 КО) пен Абылай Тұрапов (1-1, 0 КО) наурыз айының соңында кәсіпқой рингте өзара жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшылар Жандос Қыдыралиев (6-0, 4 КО) пен Абылай Тұрапов (1-1, 0 КО) наурыз айының соңында кәсіпқой рингте өзара жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

RD Promotion компаниясының мәліметінше, бокс кеші 28 наурыз күні Тараз қаласында өтеді. Жекпе-жек жеңіл салмақта ұйымдастырылып, алты раундқа жоспарланған.

Қыдыралиев үшін бұл кездесу кәсіпқорй рингке қайта оралу болмақ. Оның соңғы жекпе-жегі 2023 жылдың соңында өткен еді. Сол кезде ол қытайлық боксшы Гуанженг Луаньмен (18-9, 14 КО) жұдырықтасқан болатын. Кейін қазақстандық уақытша әуесқой боксқа оралып, ұлттық құрама сапында халықаралық турнирлерде өнер көрсетті.

Ал Тұрапов соңғы рет 2025 жылдың желтоқсанында рингке шыққан. Ол кезде отандасы Бекзат Мұсахан (2-1, 2 КО) қарсы жекпе-жекте төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жеткен еді.

Қазіргі таңда Жандос Қыдыралиевтің кәсіпқой бокстағы көрсеткіші — 6 жеңіс (4 нокаут) және бірде-бір жеңіліс жоқ. Ал Абылай Тұраповтың еншісінде бір жеңіс пен бір жеңіліс бар.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!