Орта салмақта жұдырықтасатын Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) WBC ұйымының "уақытша" чемпионы Карлос Адамеспен (23-1, 18 КО) жекпе-жекке шығуы керек. Мұндай пікірді Vesti.kz тілшісіне берген сұхбаьтында америкалық журналист Джек Маккаферри айтты.
"Нұрсұлтанов WBC рейтингінде бірінші. Демек ол "уақытша" чемпионмен жекпе-жекке басты үміткер. Оның келесі жекпе-жегі Адамеспен өтуі міндет. Ендеше неге бұл жекпе-жек туралы құлақтандырмайтыны түсініксіз. Егер Адамес толыққанды чемпион Чарломен айқасатын болса жарайды екен. Бірақ чемпион да, "уақытша" чемпион да жекпе-жек өткізбестен титулдарын сақтап қалып жатқаны дұрыс емес.
Осы себептен басқа ұйымдардың титулдары үшін күресу керек сияқты. WBA немесе IBF. Мейірімнің командасына осы жағын ойластырған жөн болар", - дейді Маккаферри.