Қазақ боксшыға АЧ финалында "әділетсіздік жасалғаны" айтылды

©instagram/sabyr_yerbolat

Азиялық бокс конфедерациясы (ASBC) Астанадағы жастар арасындағы Азия чемпионатының финалындағы Ерболат Сабырға қатысты шешімді "біртүрлі" деп атады, деп жазады Vesti.kz.

57 келі салмақтағы финалда қазақ боксшының қарсыласы үндістандық Нихил болды. Қазақ боксшы қабағын жарып алғанына байланысты жекпе-жек үшінші раундта уақытынан бұрын тоқтатылды. Ал жеңісті үндістандық боксшыға берді, өз кезегінде бұл көрермен арасында дау тудырып, олар ысқырып, айқайға басты. 

"Қазақстандық Ерболат Сабыр жастар арасындағы 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері бірінші раундта үндістандық Нихилге сол жақ хуктерін жеткізіп отырды. Павлодарлық жігіт бапкерінің нұсқауын орындап отырды және олардың тактикасы бірінші және екінші раундта да нәтижелі болды. 21 жастағы Ерболат бұл жекпе-жекте жеңіп жатты, бірақ жарақат алып қалды да, төреші жеңісті аяқ-асты Нихилге бере салды", - деп жазады ASBC. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар