Қазақстандық боксшы Ельшат Нығметолланың (21-0-2, 8 КО) келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Қазақ жауынгері" 20 желтоқсанда Алматыда өтетін бокс кешінде рингке оралады. Оның қарсыласы — филиппиндік боксшы Алвин Камике (11-4, 6 КО), ол "Питбуль Тайсон" лақап атымен танымал. Бұл жекпе-жекте Нығметоллаға тиесілі жеңіл салмақтағы WBA Asia чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.
Елшат Нығметолла кейінгі кездесуін мамыр айында Таиландтың Бангкок қаласында өткізіп, намибиялық Филлемон Нгутенаньемен (13-1-2, 5 КО) тең түсті. Осылайша, ол өз белбеуін төртінші рет сәтті қорғап қалды.
Алматыдағы бокс кеші аясында тағы бір чемпиондық айқас өтеді. Орта салмақта бос тұрған WBA Asia белбеуі үшін Армат Арманұлы (5-1, 4 КО) айқасады, алайда оның қарсыласы әзірге анықталған жоқ.
Сондай-ақ, рингке басқа да қазақстандық боксшылар - Еділ Қожамбердиев (16-2, 16 КО), Әлішер Әбдуләлім (6-0, 4 КО) және Элина Базарова (1-0, 1 КО) шығады.
Жарнама