Бокс
20 шілде 2022 07:02

Қазақ боксшы Усикке Джошуамен қарымтаға дайындалуға көмектесіп жүр

©FIGHTER CHANNEL

Ауыр салмақтағы Нұрсұлтан Аманжолов (4-0, 3 КО) украиналық Александр Усикпен (19-0, 13 KO) спарринг өткізіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

 20 тамызда Усик британиялық Энтони Джошуамен (24-2, 22 KO) қарымта жекпе-жек өткізеді. 

"Нұрсұлтанның сөзінше, Усик қазір бабында. Александр Джиддадағы баспасөз мәслихатынан келе сала спарринг керек депті Ұшақтан түсе сала спарринг өткізген.

Александр ауыр салмақтағы боксшыларды үнемі үйіне қайтарып отырған. Ал Нұрсұлтан лагерь бойы бірге жаттыққан аздаған боксшылардың бірі. Өйткені ол дес бермейді", - дейді қазақстандық боксшының менеджері. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport