Қазақ боксшы төрешілердің сенсациялық шешімінен кейін мәлімдеме жасады

©instagram.com/boxingkazakhstan

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асыланбек Шымбергенов Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындары 1/2 финалындағы жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

71 келі салмақтағы жартылай финалда Шымбергенов күтпеген жерден жапониялық Севон Окадзаваға төрешілердің бөлек шешімімен (2:3) есе жіберді. Осылайша, Асыланбек Азиаданың қола жүлдегері атанды. 

"Мен үшін Азия ойындары осымен аяқталды. Жанкүйер болып қолдағандарыңызға үлкен рахмет", - деп жазыпты боксшы Instagram желісінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport