Мәскеуде өткен бокс кешіндегі жекпе-жекте бірінші жартылай орта салмақтағы жастар арасында WBC Asia титулы сарапқа салынды. Он раундқа есептелген кездесудің бесінші раундынан кейін ресейлік боксшы ары қарай жұдырықтасудан бас тартты.
21 жастағы Ғалым кәсіпқойдағы бес жекпе-жегінің бәрін мерзімінен бұрын аяқтаған. Карьерасын биыл ақпанда бастаған боксшы бір жекпе-жегін Ақтөбеде, ал қалғандарын Мәскеуде өткізіп келеді.
Ал Садоян карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр, сонымен бірге, ол жеті жекпе-жегінде жеңіске жетіп (үш нокаут) және екі рет тең түскен. 21 жастағы Тбилиси тумасы кәсіпқойға 2017 жылы қаңтарда өткен болатын.