Қазақ боксшы титулды айқастағы нокауттан кейін әлемдік рейтингте шарықтай көтерілді

22 желтоқсан 2021 09:48
©Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов

Екінші ең жеңіл салмақтағы қазақ боксшы Ержан Залилов (13-3-2, 7 КО) титулды айқастағы нокаутпен жеңістен кейін әлемдік рейтингте шарықтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

18 желтоқсан Нұр-Сұлтанда өткен бокс кешінде Залилов отандасы Ескендір Харсанмен (9-2, 6 КО) Қазақстан чемпионы атағы үшін жұдырықтасты.

Рингтен дәрігерлер алып кетті. Қазақстан чемпионы атағы үшін айқас ауыр нокаутпен аяқталды

Жекпе-жек екінші раундта аяқталды, Ержан қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді. 

Осы жеңіс арқасында Залилов BoxRec рейтингінде 110-орыннан 77-ге көтерілді.

Бұл белбеуді Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы сарапқа салды. Соңғы рет ол 2001 жылы ойнатылған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар