Қазақ боксшы Thailand Open турнирінде финалға шығу үшін кіммен жұдырықтасатыны анықталды

©olympic

Қазақстандық былғары қолғап шебері Нұрбек Оралбай Thailand Open турнирінің жартылай финалындағы қарсыласын білді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

81 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін жерлесіміз тайлық Анават Тонгкатокпен жұдырықтасады. Екі боксшы арасындағы жекпе-жек 6 сәуірге жоспарланған.

Еске салайық, аталмыш жарыста ұлттық құрама сапында Серік Теміржанов, Сәкен Бибосынов пен Аяттулла Тәкежанов ширек финалға шыққан болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар