Қазақ боксшы Таиландта лицензия үшін шешуші айқасын өткізді
©Спортты дамыту дирекциясы
Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Таиландағы лицензиялық турнирде соңғы айқасын өткізді, деп жазады Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Таиландағы лицензиялық турнирде соңғы айқасын өткізді, деп жазады Vesti.kz.
63,5 келіде өнер көрсететін Мұхаммедсабыр Еуропаның вице-чемпионы, молдовалық Александр Параскивпен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте қазақ боксшы үш раундта да айқын басым болып, төрешілер жеңісті бірауыздан Базарбайұлына берді.
Осылайша, Мұхаммедсабыр Париж Олимпиадасына лицензия иеленді. Енді Қазақстанның бокстан ерлер құрамасы Жазғы ойындарға барлық салмақта барады.
Жарнама