Бокс
Бүгін 08:47
 

Қазақ боксшы сұмдық нокаут авторын тас-талқан етіп ӘЧ жүлдесін алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақ боксшы сұмдық нокаут авторын тас-талқан етіп ӘЧ жүлдесін алды ©ҚБФ

Қазақстан құрамасының боксшысы Оразбек Асылқұлов IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан құрамасының боксшысы Оразбек Асылқұлов IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Оразбек 1/8 финалда испаниялық Карлос Мартинес Бернадпен жұдырықтасты. Кездесу толық үш раундқа созылып, Асылқұлов 5:0 есебімен таза жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Бернад Замбия боксшысы Джонатан Мвинганы екінші раундта ортасында сол жақ хукпен ауыр нокатуқа түсіріп, кейін замбиялыққа көмек қажет болған еді

Оразбек Асылқұлов та 1/8 финалда Эсватиниден келген Мукело Дламиниді 21 секундта нокатуқа түсірген еді.  

Бұған дейін 10 желтоқсандағы ширек финалда Теміртас Жүсіпов, Сәкен Бибосынов және Сабыржан Аққалыков жеңіске жеткен еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!