Қазақстандық боксшы Дәулет Төлемісов София қаласында (Болгария) өтіп жатқан "Странджа кубогі"-2026 турнирінің 1/8 финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
90 келіге дейінгі салмақтағы 1/16 финалда Төлемісов шаршы алаң иесі Семён Болдыревпен кездесті. Жекпе-жек соңында төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық боксшыға берді - 5:0.
"Странджа кубогі"-2026 турнирінде Қазақстан намысын 39 боксшы қорғап жатыр: 19 ер, 20 әйел спортшы. Кейбір салмақ дәрежелерінде ел атынан бірден бірнеше боксшы сынға түсуде.
Жарнама