Қазақстандық бес боксшы Мәскеуде өтіп жатқан әскерилер арасындағы әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.
49 келіде Теміртас Жүсіпов кореялық Квак Бум Сеоны төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен жеңді.
Рустем Шәуменов (56) тунистік Билел Мхамдиден басым болды, ал Әділет Құрметов (60) тағы бір кореялық боксшы Ким Вон Хоны жеңді.
Айтжан Әшірхан (64) төрешілердің бөлек шешімімен ресейлік Алексей Мазурдан басым түсті. Ал бірінші раундта Айтжан қарсыласын нокдаунға түсірді.
Ал Тимур Нұрсейітов (75) алжирлік Риад Бушенафтан артық екенін төрешілердің бәрі мойындады.