Екінші жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаевтың (19-1, 10 КО) UBO World Title белебуі үшін өтетін жекпе-жегіндегі қарсыласы анықталды.
Бекман әлемдік рейтингте 54-орында тұрған 28 жастағы танзаниялық Абеид Зугомен (15-0, 13 КО) жұдырықтасады. 12 раудқа есептелген бұл айқас 23 ақпан Ақтауда өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегі болады.
Бұл Бекманның карьерасындағы бесінші титулАйта кетейік, 34 жастағы Сойлыбаев карьерасында WBA NABA США, WBC Eurasia Pacific Boxing Council, WBC International және WBA Inter Continental титулдарын иеленген. Енді міне UBO World үшін айқасады.
Кейінгі рет қазақ бкосшы былтыр желтоқсанда жұдырықтасқан. Бекман ол кезде өзбекстандық боксшы Абдуллибек Назмиждоновты нокаутпен жеңген еді.