Бокс
4 қараша 14:42

Қазақ боксшы өзін бүкіл әлемге мойындатты

©instagram/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Будвада (Черногория) аяқталған әлем чемпионатының ең үздік боксшысы атанды, деп хабарлайды msports.kz сайты. 

67 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан отандасымыз финалда кубалық Давид Эспиноса Сантояны айқын жеңіп шықты. Ал оған дейін жартылай финалда Қытай елінің боксшысын, ширек финалда өзбек Акбар Ахмадовты жүлдесіз қалдырған болатын. 

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан - жастар мен жасөспірімдер арасында төрт рет Азия чемпионы атанған алғашқы боксшы. Ол ересектер арасында әлем чемпионы, Париж Олимпиадасының қатысушысы Махмұд Сабырханның інісі. 

Төрехан Сабырхан спорттық мансабында бірде-бір жарыста жеңіліп көрмеген. Келесі жылы ол ересектер дивизионына ауысады.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport