Қазақстандық боксшы Тимур Тайбеков Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Futures Cup U-19 халықаралық турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында ол өзбекстандық Асилбек Абдусамадовпен айқаста бар 4:1 есебімен жеңіске жетті. Бірінші раундта Абдусамадов басым болғанымен, кейінгі екі раундта Тайбеков жігер танытып, камбэк жасады.
Еске саалйық, бұған дейін бір қазақстандық боксшы Даниал Шалқарбай (65 кг) жеңіліс тапқан еді, ал Хамза Мақсатұлы (75 кг) ширек финалға өтті.