Қазақ боксшы өзбекстандық қарсыласын құлатқанымен жеңіссіз қалды

©instagram.com/timur_kabdesh/

Қазақстандық боксшы Тимур Қабдешов Бакуде өтіп жатқан "Ұлы жібек жолы" халықаралық турнирінде финалдық жекпе-жегін өткізді, деп жазады Vesti.kz.

54 келі салмақта өнер көрсететін Қабдешов алтын үшін айқаста өзбекстандық Хужаназар Нортожиевпен жұдырықтасты. Жекпе-жек үшінші раундта қазақ боксшының жарылған қабағына байланысты тоқтатты да, жеңісті өзбек боксшыға берді. Алайда екінші раундта Тимур қарсыласын бір рет нокдаунға түсірген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар