Қазақ боксшы өзбекстандық қарсыласпен WBO титулы үшін айқасады

©MTK Kazakhstan

Қазақстандық Нұрдос Төлебай (8-0, 6 КО) Алматыда өтетін MTK Fight Night бокс кешінде өзбекстандық Бургут Ходжибаевпен (8-3, 3 КО) жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл шоу 25 наурыз Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді деп жоспарланған. MTK Kazakhstan баспасөз қызметінің мәліметінше, боксшылар жартылай орта салмақта WBO "жастар" титулын сарапқа салады.

Ал бұл кештің басты айқасында Қамшыбек Қоңқабаев (4-0, 3 КО) оңтүстік африкалық Джонни Мюллермен (23-9-2, 14 КО) бірінші ауыр салмақта қазақстандыққа тиесілі WBA Gold титулы үшін жұдырықтасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар