Қазақ боксшы өзбекстандық әлем чемпионын құлатқанымен жеңіссіз қалды

Асадхужа Муйдинхужаев ©Өзбекстанның Ұлттық олимпиадалық комитеті

Өзбекстанның қазағы Аман Қонысбеков бокстан Өзбекстан чемпионатының жартылай финалында Асадхужа Муйдинхужаевпен жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар 71 келіде финалға жолдаманы сарапқа салды. Үш раунд қорытындысы бойынша Муйдинхужаев төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті. Бірінші раундта Қонысбеков қарсыласын бір рет нокдаунға түсіргенін айта кетейік. 

Осылайша, Аман Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері атанды, ал 67 келіде 2023 жылғы әлем чемпионы Асадхужа алтын үшін жекпе-жек өткізеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport