Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Thailand Open-2025 халықаралық турнирінің жартылай финалына жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Дулат ширек финалда қырғызстандық Мунарбек Сейитбек уулуын төрешілердің бөлек шешімімен жеңді.
Осылай Бекбауов кемі қола жүлдеге жетіп отыр.
Айта кетейік, Мунарбек Сейитбек уулу Париж Олиипиадасында финалға дейін жетіп, күміс жүлде жеңіп алды. Ол Қырғызстан тарихында Олимпиада жүлдесін алған жалғыз боксшы болып отыр.