Бокс
20 қараша 09:28

Қазақ боксшы Нью-Делиде әлем чемпионын жеңіп финалға өтті

©ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасының боксшысы Нұрбек Мұрсал  (Үндістан) өтіп жатқан 2025 жылғы Әлем Кубогі кезеңінің жартылай финалында жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

70 келідегі шешуші айқасқа апарар жолда Нұрбектің қарсыласы украиналық Юрий Захарьев болды.

Украиналықтың тәжірибесіне қарамастан, Мұрсал алғашқы раундтың өзінде-ақ басымдыққа ие болып, атақты спортшыны 4:1 есебімен айқын ұтты.

Екінші үш минутта қазақстандық боксшы қарқынын бәсеңдеткен жоқ, алайда, бұл жолы тек 3:2 есебімен басым болды. Осылайша, жекпе-жектің тағдыры соңғы үшінші раундта шешілді, онда да жеңімпаз Нұрбек болып, финалға жолдама алды. Ал украиналық боксшы турнирді қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, Захарьев 2022 жылғы Еуропа біріншілігінің жеңімпазы және 2021 жылғы әлем чемпионы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport