Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Аманжолов Польшаның Вроцлав қаласында өткен бокс кешінде өзбекстандық Лазизбек Муллажоновтан жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Осылайша, Аманжолов кәсіпқой карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр. Жекпе-жек бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен аяқталды. Муллажанов кәсіпқойда төртінші жекпе-жегін өткізіп, барлығында жеңіске жетіп отыр.
Өзбекстандық боксшы 2022 жылы Азия чемпионатында өзге қазақстандық боксшы Қамшыбек Қонқабаевты жеңгенін айта кетейік.