Қазақ боксшы қырғызстандық қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді

©instagram.com/molzhigitovv/

Қазақстан құрамасының боксшысы Диас Молжігітов 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

75 келіде өнер көрсететін боксшымыз Бангкокте өтіп жатқан турнирдің ширек финалында қырғызстандық Даниэл Абдрахмановпен жұдырықтасты. 

Бірінші және үшінші раундта Диас қарсыласын нокдаунға түсіріп, жеңіске жетті. 

Молжігітов Қазақстан чемпионы екенін айта кетейік. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport