Қазақ боксшы кіші әлем чемпионатының алтынын айқассыз иеленді

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан "Странджа кубогінің" алтынын иеленді, деп хабарлайды Vesti.kz.

54 келіде өнер көрсететін "Қазақтың Ломаченкосы" атанып кеткен қазақстандықтың қарсыласы болгариялық Ясен Радев болу керек еді. Алайда шаршы алаң иесі жарақатына байланысты жекпе-жекке шықпады.  

Осылайша, Махмұт "Странджа" мемориалының жеңімпазы атанып, Қазақстан қоржынына екінші алтын салды. 

Еске салайық, финалдың бірінші күні Қазақстан қоржынына бір алтын - Назым Қызайбай (50) - және үш күміс түсті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport