София қаласында (Болгария) өтіп жатқан "Странджа кубогі"-2026 халықаралық турнирінде қазақстандық ағайынды боксшылар - Нұрлан мен Даниял Сапарбай арасындағы дерби жекпе-жек өтпей қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Суперауыр салмақтағы (90 келіден жоғары) 1/8 финалда ағайынды боксшылар шаршы алаңда кездесуі тиіс еді. Алайда жекпе-жек кейінге қалдырылып, ақырында мүлде өткізілмеді.
Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Даниял Сапарбай ағасымен жекпе-жекке шығудан бас тартқан. Нәтижесінде Нұрлан Сапарбай автоматты түрде ширек финалға жолдама алып отыр.
Кіші әлем чемпионаты атанып кеткен "Странджа кубогі"-2026 турнирі 1 наурызға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы жарысқа ең көп делегациялардың бірі ретінде қатысуда - 39 спортшы (19 ер, 20 бұрымды). Кейбір салмақ дәрежелерінде ел намысын бірден бірнеше боксшы қорғап жатыр.