Бокс
1 наурыз 22:22

Қазақ боксшы кіші ӘЧ-де сенсация жасаған қарсыласты жеңді

©instagram/timur_kabdesh

Қазақстандық боксшы Тимур Қабдешев Странджа кубогі-2025 турнирінде 1/2 финалдық айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кіші әлем чемпионаты аталып кеткен бұл беделді жарыста 54 келіде өнер көрсететін Тимур франциялық Кристофер Гиппократпен жұдырықтасты. 

Үш раунд қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті - 29:27, 28:28, 29:27, 29:27, 28:28. Айта кетейік, Қабдешов екінші раундта қаьағын жарып алды. 

Финалда өзбек боксшымен айқасуы мүмкін

Финалда тимур Башким Байоку (Косово) - Шахзод Музафаров (Өзбекстан) жұбының жеңімпазымен айқасады.

Еске салайық, 1/4 финалда Гиппократ өзбекстандық екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовты жеңіп, сенсация жасаған еді

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport