Бокс
Бүгін 09:17

Қазақ боксшы кіші ӘЧ-де Еуропа чемпионын сабап татсады

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Бағлан Кенжебек Софияда (Болгария) өтіп жатқан халықаралық "Странджа кубогы - 2026" турнирінің 1/8 финалына өтті. Бұл турнир бокс әлемінде кіші әлем чемпионаты деп аталып кеткен, деп хабарлайды Vesti.kz.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/16 финалда қазақстандық спортшы Әзірбайжан боксшысы, Париж Олимпиадасына қатысқан және 22 жасқа дейінгі жастар арасында Еуропаның екі дүркін чемпионы Ниджат Гусейновпен жұдырықтасты.

Бірінші раундта Кенжебек айқын басымдық танытып, төрешілердің ортақ шешімімен (5:0) жеңіске жетті. Екінші үш минуттық та дәл осылай аяқталды - төрешілер жеңісті толықтай қазақстандық боксшыға берді. Қорытынды раундта да Бағлан қарсыласына мүмкіндік қалдырмай, сенімді жеңіске жетті.

Осылайша, Кенжебек "Странджа кубогы - 2026" турнирінің келесі кезеңіне айқын басымдықпен өтті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport