Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев (14-1, 5 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетінін білді, деп хабарлайдя Vesti.kz тілшісі.
Adal Promotions промоутерлік компаниясының мәліметінше, Сойлыбаев келесі айқасын 1 қазан күні Польшаның Люблин қаласына өткізеді. Отандасымыз екінші жартылай жеңіл салмақта оңтүстік африкалық Сифосетх Мвуламен (16-4-1, 7 КО) WBA Intercontinental белбеуіне таласады.
Бекман Сойлыбаев соңғы рет 11 шілде күні Ақтаудағы бокс кешінде мексикалық Томас Рохасты (52-21-1, 34 КО) жеңді.