Қазақ боксшы қарсыласын нокдаунға түсіргенімен жеңіске жетпеді
©
Қазақстандық боксшы Талғат Сырымбетов Таиланд астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Талғат Сырымбетов Таиланд астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
60 келі салмақтағы жартылай финалда қазақ боксшы таиландтық Пхутханет Родсукпен айқасып, оны бірінші раундта нокдаунға да түсірді. Алайда бұл кездесуде төрешілер шешімімен ринг қожайыны басым болды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасынан 63,5 келіде Мұхамедсабыр Базарбайұлы да жартылай финалда моңғолиялық Тулга Оюнбаатарға есе жіберді. Осылайша, екі боксшымыз қоланы місе тұтып отыр.
Жарнама