Қытай құрамасындағы қазақ боксшы Тоқтарбек Таңатқан Бангкок қаласында өтіп жатқан Thailand Open-2025 халықаралық бокстен турнирінің жартылай финалына жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/4 финалда ол жапониялық Тецуто Накадзимамен жұдырықтасып, екінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Тоқтарбек бұған дейін де қарсыласын бір рет нокдаунға түсірген еді.
Осылайша, Тоқтарбек жартылай финалға өтіп, кем дегенде қола жүлдеге қол жеткізіп отыр.