Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Сұлтан Мусинов Thailand Open турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Мусинов ширек финалда ветнамдық Ву Тан Датпен жұдырықтасты. Жекпе-жек бастала салысымен шабуылға шыққан отандасымыз бір минуттың ішінде қарсыласын нокаутқа түсірді.