Қазақстандық Бек Нұрмағанбет (12-0, 10 КО) Лас-Вегаста өткен бокс кешінде жекпе-жек өткізді. Қарсылас америкалық Джошуа Конли (17-7-1, 11 КО) болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Екінші орта салмақтағы бұл айқас алты раундқа есептелген болатын, алайда екіншісінде техникалық нокаутпен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.
Бек үшін бұл карьерасындағы он екінші жеңісі, оның оны нокаутпен. Конли болса, жетінші рет жеңіліп отыр, сонымен қатар, ол 17 рет жеңіске жетіп, 1 мәрте тең түскен екен.